"Кітапхана сыйла"

«Оқитын мектеп - оқитын ұлт» жобасы аясында біздің мектепте «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті.
Қызығушылықтары мен ықыластары әртүрлі оқушылар кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерімен бөлісіп, кітапханамызды одан әрі байыту мақсатында жиналды. Ортақ үлесіміздің арқасында кітапханамыздың жинағын толықтыратын, оқушыларымызға жаңа дүниелер ашатын көптеген қызықты кітаптар жиналды. Осы тамаша бастамаға қатысқан әр жанға үлкен рахмет!